Президент
1 мин оқу 322
Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы және кинодраматург Смағұл Елубайды қабылдады
<p>Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. </p>

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиеті мен отандық кино өнерінің дамуы талқыланды. Мемлекет басшысына алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар, соның ішінде Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын тойлау аясындағы шаралар жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті төл мәдениетіміздің өркендеуі ұдайы назарда болатынын айтып, сапалы әдеби туындылар мен кинофильмдерді жарыққа шығарудың маңыздылығын атап көрсетті.
Бөлісу: