Спорт
1 мин оқу 170

Әлемнің экс-бірінші ракеткасымен кездеседі

<p>Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан &laquo;Мастерс&raquo; сериясына енетін халықаралық турнирдің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, негізгі кезеңге жолдама алды.</p> <p>&nbsp;</p>

Әлемнің экс-бірінші ракеткасымен кездеседі

Western & Southern Open жарысының іріктеу финалында 25 жастағы отандасымыз жергілікті теннисші Джессика Пегуламен күш сынасып, үш сетке созылған бәсекеде Зарина Диас  6:7, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Диас әлемдік рейтингте 80-орында болса, АҚШ аруы әлемнің 56-ракеткасы саналады.

Енді жерлесіміз турнирдің негізгі кезеңінде әлемнің экс-бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямспен екінші айналымның жолдамасын сарапқа салады. Уильямс қазіргі таңда WTA рейтингінде сегізінші сатыда тұр. Екі теннисші арасын­дағы кездесу бүгінге жоспарланған.

Бөлісу:
Әлемнің экс-бірінші ракеткасымен кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар