Алыптар Арабияда жұдырықтасады
<p>Кәсіпқой бокстың аса ауыр салмақ­тағы WBA Super, WBO, IBF, IBO тұжы­рымы бойынша әлем чемпионы мек­сикалық кіші Энди Руис экс-чем­пион британиялық Энтони Джошуа­мен қарымта кездесу өткізуге келісті.</p> <p> </p>

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек осы жылдың 7 желтоқсанында Сауд Арабиясының Эд-Дирия қаласында өтетін болып бекітілді. Бұл туралы Джошуаның Matchroom промоутерлік компаниясы мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, кіші Энди Руис қарымта жекпе-жек үшін 9 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады. Ал Джошуаның гонорары 30 миллион деп белгіленген.
Айта кетейік, екі боксшы арасындағы алғашқы айқас 1 шілде күні АҚШ-тың Madison Square Garden спорт кешенінде өтіп, Энди Руис британиялық боксшыны техникалық нокаутпен жеңген еді. Бұл Джошуаның карьерасындағы тұңғыш жеңіліс болатын.