Биыл елімізде 22 денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады
<p style="text-align: justify;">Спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша спорттық нысандарға қажеттілік жоғары аумақтарда 100 денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді.</p>

«Жергілікті әкімдіктермен бірге 2019 жылы салынатын жобалар тізімін нақтыланды. Биыл 22 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 2020 жылы - 34, 2021 жылы – 44 нысан салынады»,- деді министр.
Айтуынша, аймақтарда дене-шынықтыру сауықтыру кешендерінің 100, 160 және 320 орындық типтік жобалары қарастырылған.
«Жоғарыда аталған кешендердің құрылысы жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады», - деді Ақтоты Райымқұлова.
Министрліктің жүргіген талдауына сәйкес, өңірлерде спорттық залдарға деген қажеттілік – 1 млн 457 мың шаршы метрді құрайды.