Аймақтар
2 мин оқу 673

Темірден түйін түйген шеберлер

<p>Қазаталық Молжігітовтер отбасындағы ағайынды Нұржігіт, Нұрғиса, Нұрқанат бүгінде &laquo;Ауылда жұмыс жоқ қой&raquo; деп Алматы, астанаға барып, тіпті шетел асып кететін жастарға үлгі болатын азаматтар. Қазір ағайынды жігіттердің ауылда отырып жасаған бұйымдары Алматы, Нұр-Сұлтан, тіпті көрші ел өзбек ағайындардың да сұранысына ие.</p>

Темірден түйін түйген шеберлер

Үй тұрмысынан бастап, егін және мал шаруашылығына және құрылысқа қажетті зат­тар­дың түр-түрін ауылда өз аула­сының ішінде-ақ жасап табыс тауып отырған ауыл­дағы Молжігітовтер өз кәсіп­терін 2006 жылы бастапты.

– Темірден бұйым жасау оңай шаруа емес, бұған түр­т­кі болған не?, – деген сауалы­мызға Нұрқанат: – Шымкент­тегі базарда күнделікті тұр­мыста, асханаға пайдалана­тын нан шәулі сатып тұрған ағайын ағамыздың: «Қарап отырғанша нан шәулі тоқың­дар. Қажетті материалды бе­ріп тұрамын. Бұл өтімді тауар», деген ақылы түрткі бол­­­ды. Қажетті сым және сабы­­на ағаш материалдарын әке­ліп, үйде отырып тоқи бас­тадық. Жасаған затымызды ек-үш ап­­тада апарып, ке­лі­сіл­ген баға­­да ақшасын алып келе­міз. Қарап отырсақ, «там­шы­дан те­ңіз құралады» де­ген­­дей, тиы­н­­нан ақша құра­ла бас­­тады. Ақыл­даса келе, енді қа­жет­ті материал­ды өзі­міз алып, көтер­ме сауда бағасы­мен өткі­зейік деген тоқтамға келдік. Бұл ісі­­міз де жақсы жүрді. Тіп­ті үл­­гере алмайтындай бол­дық. Со­­дан ауылдағыларға материалын беріп, нан шәулі тоқы­та бас­тадық. Бұл ісіміз де іл­гер­­леді. Мұнымен шекте­ліп қал­май, басқа заттар жа­сау­ға мүм­кіндігіміз жететі­ніне то­­лық сенген соң, сұра­ны­сы жо­­ғары құрылыс зат­тарын жасау­­ға кірістік. Ең бас­тысы, бізд­ің сапалы бұйым­дары­мыз­ға деген сұраныс жоғары, – дейді.

Қазір «Нұр-Асыл» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктестігін құр­ған Молжігітовтер 5 адамды тұрақты жұмыспен қамты­ған. Олардың екеуі Мұха­мед­әли Тастанбеков мен Ерке­ғали (Суретте) көрікте қыз­ды­рылған темірден иіп, қажет­ті құрал-саймандарды жасаса, Қажығали Көшенов, Жанар Дербісәлиева, Нұрғи­са Әнуарбекұлы дәнекер­леу, әрлеу, тасымалдау жұмыс­тарымен айналысады. Ал 10 от­басы тұрақты түрде нан шәу­лі тоқиды. Кәсіптерінің қа­наты қатайып, ауқымы кеңи бастаған ағайынды шебер­лерге жазғы сәкі, үй тұр­мы­сына қажетті қоларба, бала­лар әткеншегі, жел бесік, киім ілгіш, аяқ киім мен гүл сөрелеріне тапсырыс беру­шілер көп бүгінде. Шебер­лер жасаған заттарын Шым­кент қаласындағы «Алаш», «Қазына» сауда орталық­тарына көтерме саудамен келі­сім бойынша тұрақты түрде өт­кізіп тұрады. Ендігі кезекте әлеу­меттік желі арқылы сұ­ра­ныс­тар қабылдаймыз деп жос­пар­лап отыр ағайынды жігіттер.

«Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» дегенді қазақ біліп айтқан. Қазір жас­тар­д­ың көпшілігі мол қаржы табуға құмбыл. Табу керек. Бірақ қалай? Көп ақша табамын дегендер «шетел асу керек, долларды дорбалап ала­сың» деп өз пайдасын ой­ла­ған алаяқтарға жем болып жатыр емес пе? Көзін тапсаң, екі қолға бір жұмыс өзімізде де бар. Өз заманында ұлы Абай «егер мал керек болса, қолөнер үй­рен­бек керек. Мал жұтайды, өнер жұ­­та­майды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі қазақ­­тың әулиесі сол» деген сөзі дәл қазір де құнын жойған жоқ.

Ал кішкентай ғана ауылда өз ауласында еңбектің көрі­гін қыздырып, кәсібін дөң­ге­летіп отырған ағайынды жігіт­тер­дің тірлігі кім-кімге де үлгі боларлық.

Эльмира ЖАМАШОВА

Түркістан облысы,

Бәйдібек ауданы

Бөлісу:
Темірден түйін түйген шеберлер · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар