Аймақтар
2 мин оқу 1,242

Үй гүлдерін өсірушілер клубы

<p style="text-align: justify;">Облыстық кітапханадағы әуесқой гүл өсірушілер клубының мүшелері Елена Асеева, Раиса Попова, Людмила Зорина, Елена Просянниковалар үй гүлдерін өсіру, күту, бөлме өсімдіктерін жасарту және қайта отырғызу жайлы кеңестер береді.</p>

Үй гүлдерін өсірушілер клубы

Үй гүлдерін өсірушілер 15 жыл­дан астам уақыттан бері осы кітапханада жиналады. Отырыстардың барысында алдымен гүлдер әлемінің жаңа­лықтары талқыланады. Қатысушылар гүл сұрып­тары­мен алмасады, гүл өсіру, ландшафтық дизайн бойынша жаңа кітаптармен танысып, бөлме өсімдіктерінің жаңа сұ­рып­тарын көреді.

Гүл өсіруші Елена Асеева ауырып қалған гүлдерді қалпына келтіру, гүлдер мен өсін­ділерді қайта отырғызу, сапалы топырақ таңдау, дұрыс жарық­тандыру және қалыпты суару сияқты шеберлік сыныбын және тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Биолог мамандардың айтуынша, үй гүлдерімен жиі «сөйлесіп» жүрсе, гүлдер бізді тыңдайды, ән әуендері де ерекше әсер береді.

– Әдемі гүлдейтін шегір­гүлдер, эписциялар, жаңа гви­нея­лық бальзаминдер, «Жаңбыр әуені», «Эстель», «Рапсодия-Кора», фуксиялар, сәндік-жа­пырақты гүлдер өсірген жақсы. Қазір шеттен жеткізілетін үйде өсірілетін гүлдердің түр-түрі бар. Әр гүл­дің күтімі әр­түрлі. Бірі күн көзін жақсы көр­се, енді бірі, мысалы, драцена тек көлеңкеде өседі, – дейді «Фиалочка» әуесқой гүл өсіру­­ші­­лер клубының жетекшісі Елена Асеева.

Ал «Фиалочканың» кезекті отырысына келген әйелдерді жазғы уақытта үй гүлдерін қалай суару, қалай куту керектігі мазалайды.

– Жаз кезінде үй гүлдерін ыстықтан сақтау үшін салқын жер­ге қойған дұрыс. Бөл­мені мүм­кіндігінше салқындату қа­жет. Гүлдерді салқын сумен бүр­кіп, өсім­дік­тердің тамыр жүйесі зардап шекпеу үшін аз-аздан суару керек, – деді Елена Асеева.

 Гүл өсірушілерге «Ян менуэт», «Қар эдельвейсі», «Пират­тар қазынасы», «Тро­пикана», «Әке­сінің қызы Даша» атты жаңа фиалка сорттарын өсіруді ұсынды.

ПАВЛОДАР

Бөлісу: