Аймақтар
1 мин оқу 201

Алматыда пәтер ұрлығы азайған

<p style="text-align: justify;">Өткен жылы қала іргесінде тұратын танысымыздың үйін тонаған баукеспелер нақ сол күні, дәп сол көшеде тұратын тағы бір үйдің дүние-мүлкін қолды еткен. Арызданушылар мұны ұрылардың бір үйден алған қымбат тымақты келесі бір үйге тас&shy;тап кеткенінен білген. Аңғарғанымыздай, бөгденің қасықтап жинаған несібесіне қол сұғып, оңай олжаға кенелеміз деген қылмыскерлер тапайдың тал түсінде біреудің пәтеріне бас сұғып кіруге еш қымсынбайтын болған.</p>

Алматыда  пәтер ұрлығы азайған

Алматы қалалық Полиция де­партаментінің ақпаратына сәй­кес, шаһардағы тұрғын үй аула­лары мен қоғамдық нысандар аумағына орнатылған бейнекамералардың арқасында бөтеннің мүлкін ұрлау қыл­мысы едәуір  азайып отыр. Статис­тикалық деректер бойынша пә­тер тонау – 2,3 есеге, автомобиль ұрлығы – 2,9%, ұялы телефон ұрлығы – 48,1%, көлік айналарын ұрлау – 4,3% -ға, қалта ұрлығы – 3,4 есеге, көлік ішінен зат ұрлау – 13,5%, түсті және қара металды ұрлау 21,7%- ға азайыпты.

Мамандар қылмыстың ал­дын алу мақсатында IT тех­но­логиялардың мүмкін­дігін белсенді пайдалануда. Бүгінде қалада 120 мыңға жуық бей­небақылау камерасы бар десек, олардың 90%-ы бюджеттен тыс қаржыға орнатылған. Бейнетаспаға жазылған материалдарды қолдану нәтижесінде соңғы үш жылда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендепті.

Қорасыз қой бағып, отауы­на құлып салмаған жұрт бүгінде же­ке мүлкінің қауіпсіздік мә­селесіне алаңдамай тұра ал­май­ды. Қала аумағындағы пә­тер ұрлығының азаюына тұр­ғындардың өз дүние-мүлкіне ық­тиятпен қарап, түрлі ақылды камералар орнатуы мен күзет мекемелерінің қызметіне жүгінуі  сеп болып отыр.

АЛМАТЫ

Бөлісу: