Қазақстан
1 мин оқу 193

Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты. Бұл туралы&nbsp;Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты

«Құрметті достар! Бүгін Твиттерде өз парақшамды аштым. Енді сіздермен елдегі маңызды мәселелер бойынша тұрақты және жиі пікір алмасатын боламыз», - деді Нығматулин.

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

- Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел  ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді.  Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын,-деді Мәжіліс Спикері.

Бөлісу:
Нұрлан Нығматулин Твиттерде парақша ашты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар