Спорт
1 мин оқу 293

Отандық атлеттер Өзбекстан кубогынан үш алтын жеңіп алды

<p>18 тамыз күні Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Бұл сынға 20 қазақстандық атлет қатысқан болатын. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Отандық атлеттер Өзбекстан кубогынан үш алтын жеңіп алды

Халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақстандықтар 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. 

Алтын: Мария Овчиннкова (үш қарғып секіру), Давид Ефремов (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Алексей Гусаров (1500 метр);

Күміс: Абдулазиз Абдукаюмов (800 метр), Марина Хусейнова (ұзындыққа секіру), Виталий Терехин (спорттық жүріс), Екатерина Нестерова (ядро лақтыру);

Қола: Евгений Прокудин (110 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Витадий Земс (100 метр), Екатерина Нестерова (балға лақтыру).  

Бөлісу:
Отандық атлеттер Өзбекстан кубогынан үш алтын жеңіп алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар