Аймақтар
3 мин оқу 451

Курстардың үйретері көп

<p style="text-align: justify;">Мұғалімнің басты міндеті &ndash; өзінің кәсіби біліктілігін арттыру. Ахмет Байтұрсынұлының &laquo;Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады&raquo; деген сөздеріне сәйкес бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылуы керек. К.Д.Ушинскийдің &laquo;Мұғалім үйрену барысында өмір сүреді. Ол үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі жойылады&raquo; деп айтқаны тағы бар. Демек, мұғалім қауымы өмір бойы үйреніп, өз біліктілігін көтеріп отыруы керек. Бұл &ndash; аксиома.</p>

Курстардың үйретері көп

Осы қағида ауқымында әр мемлекет мұғалімдердің кәсіби дәрежелерін арттыруға мүдделі болып, оларға қа­жетті жағдай жасап, алдына талап қояды. Мысалы, Сингапурда мұға­лім жылына кем дегенде 100 сағат мөлшерінде біліктілік арттыру курс­та­рына қатысуы міндет. Бұл дегеніңіз күніне 8 сағаттан оқитын болса, 13 күн­дей үздіксіз оқу дегенді білдіреді, яғни әр каникулда мұғалім кемінде 3-4 күн оқып-үйренуі керек.

Елімізде де осы мақсатта бүгінде мұғалімдерге арналған түрлі курстар тегін ұйымдастырылуда. Бұл тамаша мүмкіндік.

Алматы қаласындағы Педа­го­ги­калық шеберлік орталығында білік­ті­лік­ті шыңдауға арналған екі курсқа қатыстым. Одан түйгенім – «Үйрену мүм­кін емес, тек үйрену ықтимал» деген сөз рас екен! Бәрі де өзімізге бай­ланысты. Үйренемін десең – үйре­несің. «Үйренбеймін! Онсыз да бәрін білемін!» немесе «Осының қаже­ті қанша?! Мұғалімнің жұмысын қиын­­датқанынан басқасы жоқ!» деп жал­тар­саң, онда оқымаудың амал­дары мен сылтауларын көптеп кел­ті­ресің.

Бұл курстарда да әріптестерімнің басым бөлігі «Үйренейін! Қарманып қалайын!» деп ұмтылыс жасап, бел­сен­ділік танытып, кәсіби білік­ті­­лігін ұштау­ға мүдделі болса, кей­біреулері тек сер­тификат алу үшін «шықпа, жаным, шықпа!» деп «ауыр­дың үсті­мен, жеңілдің астымен» ғана жүр­ді. Әрине, оларға не жасаса да, не нәрсеге үйретсе де жағу қиын: бәрібір жақ­тыр­майды.

Өздерін қинағысы келмейтін әріп­тес­терімді мен баяғы заманнан келді ме деп ойлаймын. Өйткені бұрын да курстар көптеп ұйымдастырылатын. Алайда, шынын айту керек, ол курс­тарда оқу негізінен формалды еді, тек сертификат үшін оқушы едік. Он­дай курстарда бәрі «тәрізді» болатын: бізді лекторлар оқытқан тәрізді еді (негізінен күн ұзақ лекция ғана ­оқитын), біз болсақ үйренген тәрізді едік (еш қиналмай, ойнап-күліп, көңіл көтеріп, қала қыдырып). Мектепке келгенде бізге айтатыны мынау еді: «Оқыдыңдар ма? Жақсы болыпты! Ал енді оқығандарыңды сабақтарда қолданыңдар!». Қолдану да тәрізді болатын: қалай қолданамыз, оны өзіміз білеміз, бізге талап қойып, қадағалап жатқан ешкім жоқ еді. Осылайша 5 жылда бір рет курсқа қатысатынбыз. Бәрі де «оқымады деп айтпасынның» сыңайында болатұғын.

Ал бүгінгі курстарда бәрі де жү­йе­лі: алдымен мақсат пен күтілетін нә­ти­желер қойылады да, соңында оған жеткен-жетпегеніміз талданады. Мұнда бәрі де шынайы: сабақтан қалу жоқ, талап та жоғары, тапсырмалардың орындалуын қадағалау бар, соңында сарапшылардың қатысуымен таныс­тырылым қорғау немесе есептер жазу нысанында емтихан тапсырылып, тыңдаушылардың жауаптары сонау ел ордасында тексеріледі. Курстар мазмұны педагогиканың ең соңғы жетістіктеріне негізделген, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесін зерттеуге бағытталған.

Курста мен «Үйрететін – мұғалім емес, үйрететін – орта» деген қағиданың өміршеңдігін өзім үшін дәлелдедім. Біз ең алдымен бір-бірімізден оқыдық, үйрендік. Туындаған мәселелер мен кедергілерді ылғи да бірлесе шешіп отырдық. Осы арқылы арамызда жылы қарым-қатынас орнады. Әлі де бір-бірімізбен кәсіби байланыстарымызды үзбей келеміз.

Эльмира РАПИЛОВА,

№178 мектеп-лицейінің мұғалімі

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Курстардың үйретері көп · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар