Спорт
1 мин оқу 740
Еркін күрес: Әлем чемпионатында белдесетін балуандар анықталды
<p style="text-align: justify;">Қыркүйек айының бел ортасында Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталатыны белгілі.</p>

Айтулы жарыста Қазақстанның еркін күрес шеберлері 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ұлттық командамыздың бас бапкері Әсет Серікбаев дүбірлі додада мына балуандарға сенім артқан екен:
57 кило – Нұрислам Санаев
61 кило – Расул Қалиев
65 кило – Дәулет Ниязбеков
70 кило – Нұрқожа Қайпанов
74 кило – Данияр Қайсанов
79 кило – Ғалымжан Өсербаев
86 кило – Әділет Дәулембаев
92 кило – Нұрғали Нұрғайыпұлы
97 кило – Әлішер Ерғали
125 кило – Олег Болтин
Бөлісу: