Президент
1 мин оқу 232

Президент Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

<p>Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады.&nbsp;</p>

Президент Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады

Президентке өңірдегі астық жинау жұмыстарына дайындық барысы, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, сондай-ақ машина жасау саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев астық жинау науқанын уақтылы жүргізудің және тұқым қорын дайындаудың маңыздылығын, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру және Қостанайдағы аэропортты қайта жөндеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы А.Мұхамбетовке Арқалық қаласының жылумен қамту жүйесін қайта жөндеу жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

 
Бөлісу:
Президент Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті қабылдады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар