Руханият
6 мин оқу 766

Ақырын жүріп, анық басқан

<p style="text-align: justify;">Мен Орынбекті бұрыннан білетінмін. Жуырда менің қолыма оның соңғы кітабы тиді. Автор&shy;дың 70 жылдығына орай шыққан ма&shy;қалалар мен сұхбаттардан, арнау&shy;лардан тұратын &laquo;Жолдас бол&shy;саң, жақсымен...&raquo; (Астана, &laquo;Фолиант&raquo;, 530 бет, 2019) деген тақырыптағы көлемді еңбек екен. Қаламгердің қаламынан шыққан туындылар &laquo;Келбет&raquo;, &laquo;Жаназық&raquo;, &laquo;Сәті түскен сұхбат&raquo;, &laquo;Арнаулар&raquo; тарауларына топтас&shy;тырылып, соңына &laquo;Достар лебі&shy;зі&raquo; беріліпті. Кітаппен танысу барысында менің көз алдымда оның қарапайым да кішіпейіл, ізетті де иманды тұлғасы парасат биігіне жоғарылай берді.</p>

Ақырын жүріп, анық басқан

«Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес, далаға» деген ұлы Абайдың сөздері өзім көп­тен білетін белгілі журналист, эссеист, аудармашы, ғалым, бір сөзбен айтқанда қаламгер Орынбек Жолдыбай туралы жаз­бақ болып, қолыма қалам ал­ғанда, ойыма орала берді. Ту­мысынан қарапайым да кіші­пейіл ол үндемей, төс қақпай жүріп-ақ игілікті көп жұмыс бі­тіріп, абыройлы азаматқа ай­на­лыпты. Мен оның осы бір үл­кенді аға, кішіні іні санап, ылғи да аңқылдап жүретін, жаны жай­саң, жүрегі жылы, парасат биі­гіндегі имандылық, азаматтық қасиет­терін жоғары бағалаймын.

Әрбір адамның қоғамда ала­тын орны оның еліне сіңірген еңбегіне орай бағаланады. Осы тұрғыдан келгенде, Орын­бек­тің бүкіл ғұмыр жолы, шығар­машылығы халқына адал қызмет етуге бағытталғанын алдымен айтқан жөн.

О.Жолдыбайдың шығарма­шы­лық жолын шолғанда, оның журналистика саласындағы елеулі еңбектерінің қомақты екен­дігі көрінеді. Сөз өнеріндегі алғашқы қадамын ауылда өлең жазудан бастаған ол кейіннен журналистика, поэзия, аударма, әдебиеттану салаларында да қа­лам тербеп, елімізге танымал қаламгерлердің біріне айналды.

Қазақтың киелі жерлерінің бірі Қаратаудың бауырындағы Ащысай кенішінде өмірге келген Орынбек мектеп қабырғасында жүріп-ақ мақала, өлең жазады. Алғашқы туындылары Кентау қалалық, Оңтүстік Қазақстан об­­лыстық, республикалық ба­сы­лым беттерінде жарық кө­ре­ді. Мектеп бітірген соң әс­кер қатарында жүргенде де бұл әдетін жалғастырып, енді орыс тілінде жазады. Оның мақала­лары Қиыр Шығыс әскери ок­ругінің «Суворовский натиск» газетінде үзбей жарияланып тұ­рады. Әскерден оралған соң бі­раз уақыт қара жұмыс істеген Орынбектің мақала-өлеңдері енді республикалық баспасөз бе­тінде жиі көрінді. Сол кезде ең көп оқылатын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің штаттан тыс тілшісі болды.

Жастайынан журналист бо­лу­ды өмірлік мақсат қылып, ар­ман қуған жас талапкер 1971 жылы қазақ білімінің қара ша­ңырағы Қазақ мемлекеттік уни­верситетінің журналистика фа­культетіне оқуға түсті. Осы кез­ден бастап, оның бүкіл саналы ғұмыры журналистикамен бай­ланысты болды. Оқу бітір­ген соң Қазақ мемлекеттік те­ле­­ра­дио комитетінде аға ре­дак­тор, «Қазақстан комму­ни­сі» жур­налында әдеби қыз­мет­кер, жетекші редактор, Қа­зақ­стан Рес­публикасының Пре­зи­­денті мен Министрлер Ка­би­­нетінің ап­параттарында аға референт, Қазақстан Республикасы Пар­­ламент Сенаты Аппараты Ре­дак­циялық-баспа бөлімінің кон­суль­танты, бас консультанты, сек­тор меңгерушісі, бөлім мең­герушісінің орынбасары, т.б. қыз­меттерін атқарды.

Орынбек қазақ журналис­тикасының радио, теледидар, га­зет, журнал сияқты барлық салаларында өнімді еңбек етіп, шы­ғармашылықтың небір қы­зы­ғы мен қиындықтарын басы­нан өткеріп, шығармашылық ше­берлігі шыңдалып, көсем­сөз­дің қара нары болып қалып­тасты. Қазақ көсемсөзінің озық тәжі­ри­белерінен үйрене отырып, за­манмен үндес, өмірдің өзекті мәселелерін батыл көтере біл­ген Орынбектің журналистік да­­рыны, әсіресе тәуелсіздік ал­­­ғаннан ке­йін жарқырай көрі­ніп, онда қазақ елінің тыныс-тір­шілігінің өзекті тұстары жан-жақты көрініс тапты. Еге­мен еліміздің ұлттық даму жолы­ның сан алуан мәселелеріне ар­нал­ған публицистикалық ма­қалалары топтастырылған «За­мана келбеті» (Астана, «Елорда» баспасы, 2004), «Уақыт лебі» (Астана, «Фолиант» баспасы, 2005) кітаптары жарық көрді. Соңғы жылдардағы қазақ журна­листикасының елеулі табысы ретінде бағаланған осы еңбектері үшін О.Жолдыбай 2006 жылы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері атанды; «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төс­бел­гісімен марапатталды.

О.Жолдыбайдың қазақ ра­дио­сы мен теледидарында, бас­пасөзінде атқарған қыз­меті кейін Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті мен Ми­нистрлер Кабинетінің аппа­раттарында, Парламент Сенаты Аппараты Редакциялық-баспа бөлімінде жалғасып, қазақ тілі­нің мемлекеттік тіл ретінде қа­лып­тасуына айтарлықтай еңбек сіңірді. Зейнетке шыққан соң Республикалық ардагерлер ұйы­мында аудармашы болып жұ­­мыс істеді. Осы жылдары ол «Қа­зақ­­стан: табыс тарихы әлемдік қо­ғамдастық көзімен» (2005) кі­­табын, А.М.Панкратованың «Қа­зақ КСР тарихы» жайлы ой-пікірлерін, Н.С.Трубецкойдың «Орыс мәдениетіндегі тұран ны­шандары туралы» ғылыми еңбегін, Стефан Поссонидың В.И.Ленин туралы ойларын, Рой Медведевтің К.Е.Ворошилов, Г.М.Маленков, М.А.Суслов, М.И.Калинин, А.Н.Косыгин жайлы мақалаларын, К.У.Чер­нен­ко жайлы бірнеше материал аударды.

Журналистік шығармашы­лық әдеби ізденістерге ұласты. Кезінде Жамбылға бата беріп, ақындық жолын ашып берген Қаратау өңірінен шыққан атақты ақын Құлыншақ Кемелұлының қолға алынбай келе жатқан әде­би мұрасын жинап, зерттеп, төрт рет шығармалар жинағын бастырып шығарды. Бұл кітаптар қазір Құлыншақ ақынның өлең-жырлары мен ол туралы зерт­теулер неғұрлым толығырақ қам­тылған бірден-бір маңызды еңбектерге айналып отыр.

Ол ұзақ жылдарғы ғылыми ізденістерінің нәтижесінде аса көрнекті ғалым, қоғам қай­рат­кері, ең бастысы ұлт жана­шы­ры Р.Бердібай жөнінде «Ака­демик Рахманқұл Бердібай зерт­теулеріндегі қазақ-түр­ік әдеби байланыстары» тақы­ры­бында кандидаттық диссертация қор­ға­ды. 2008 жылы «Рахманқұл Бердібай зерттеулеріндегі түрік­шілдік сарындары» тақыры­бын­дағы монографиясы жарық көрді.

Біраз уақыт ұстаздық қызмет атқарып, «Астана» медицина университетінің «Қазақстан та­рихы және философия» кафе­д­расының доценті ретінде сту­денттерге дәріс берді.

Жоғарыда айтып кеткені­міз­дей, Орынбек шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Қарбаласы көп журналистік қыз­­­меттің қақ ортасында жүр­ге­­­ніне қарамастан, өлең жа­зуын тоқтатпапты. Өлеңді ша­бы­­­ты, реті келгенде жазатын ол ар­нау өлеңдерге бейімдігін бай­­қа­тады. Қазақтың бірсыпыра зия­лы азаматтарына арнаған өлең­де­рі­нен осыны байқадық.

О.Жолдыбайдың шығарма­шы­лығы­ның басты қасиеті оның ұлт­­жандылығы дер едік. Орын­бектің қаламынан шыққан кез келген туындысын оқысаңыз, одан ұлтжандылықтың исі аңқып тұрады. «Еліміз – тәуел­сіз, тіліміз ше?», «Зиялысы жал­тақ елдің – ауызбірлігі ала», «Ана тілін ардақтаған», «Мә­дениет ұйытқысы – село ин­тел­лигенциясы», «Ұлттық мұрат биігінен», «Даланы асқақтату үшін тауларды аласарту керек пе?», «Қызығым да, рахатым да, қасіретім де – қазақ...» секілді ма­қалалары мен «Мемлекеттік тіл қосалқы сипатта ғана жүзеге асуда» (Ә.Кекілбаевпен сұхбат), «Тіл мәртебесін көтерер тетіктер іске аспай тұр» (Ә.Бәйгелдімен сұхбат), «Ұлт және Мәдениет» (А.Сейдімбекпен сұхбат), т. б. сұх­баттарында қазақ тілі мен әде­биетінің, мәдениетінің өзекті, зәру мәселелерін батыл көтере білді.

2009 жылы 3 қыркүйек күні қа­зақ радиосынан сөйлеген сө­зінде ол: «...тәуелсіздік жылдарында ру­хани салада да жетістіктер мол болды. Әсіресе «Мәдени мұра» аясында қыруар істер тын­­дырылуда. Тарихымыз ой еле­гінен қайта өткізілуде. Мұның бә­рі жақсы, әрине. Бірақ жетпей жатқан, көңіл толмайтын бір нәрсе бар. Ол – тіл мәселесі. Бәрін жаңғыртып жатырмыз. Бірақ тіл­ді ұқсата алмай отырмыз. Мем­­лекеттік тілді, яғни қазақ ті­лін дамытуға қоғамда барлық жағ­дай жасалынған. Бірақ жина­лыс біткеннің бәрі орыс тілінде өте­ді» – депті.

Өмір «алдыңғы толқын ағалар мен кейінгі толқын інілерден» тұрады. Осы жерде айтпай кетуге болмайтын бір нәрсе – 1977 жы­лы журналистиканы бітірген О.Жолдыбайдың курстастары дегенде, шетінен «сен тұр, мен атайын» мықты Ұлықбек Ес­дәулетов, Қуандық Түменбай, Нұртілеу Иманғали, Қонысбай Әбіл, Серікқали Бәйменше, Мыл­тықбай Ерімбетов, Ораз Қау­ғабай, Марат Әбдіхалық, Жеңіс Бахадыр, Әбдімүтәл Әлібеков, Әділбек Жақып, Тілекқабыл Бо­ранғалиұлы сынды қазақ жур­налистикасында өзіндік орны бар тегеурінді толқын көзге түседі. Осындай кілең жайсаңдардың ақсақалы болып келе жатқан Орынбектің курстастары ара­сында мықты болмасқа амалы да жоқ сияқты.

Қазақстан Жазушылар ода­ғының және Журналистер ода­ғының мүшесі, «Қазақстанның құрметті журналисі», Қазақстан Республикасының Мәдениет қай­раткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Кен­­тау қаласының құрметті аза­­маты «Замана келбеті», «Уақыт лебі», «Өткен жылдар өрнегі», «Жан сырым», «Ғибратты ғұмыр», «Жол­дас болсаң, жақсымен...» кі­тап­­тарының авторы, ең бастысы ұлтын сүйген, ұлтына адал қыз­мет еткен азамат Орынбек Жолдыбайдың біз байқаған си­паты осындай.

Адал еңбегімен сөз өнерінің ауыр жүгін қара нарша кө­теріскен Орынбек бұл күндері қа­зақ журналистикасының бір бәй­терегіне айналыпты. Ол қа­зір нағыз шығармашылық ба­бында. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немерелерін сүйіп, бақытты ғұмыр кешіп отыр...

Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ,

С.Демирел атындағы университет ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Ақырын жүріп, анық басқан · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар