Аймақтар
1 мин оқу 361

Қарағандыда 14-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

<p style="text-align: justify;">Қарағанды облысындағы Нұ&shy;ра ауданының Қайнар ауылын&shy;да жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Мұндағы өрт сөндірушілер аталған ауыл мен жақын маңда&shy;ғы елді мекендерге қызмет көрсе&shy;тетін болады. Қазіргі таңда Қай&shy;нар ауылында барлығы 204 түтін бар, онда 1164 адам мекен етеді.</p>

Қарағандыда 14-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

Бұған дейін мұндай бекеттер Шет, Жаңаарқа, Бұқар жырау, Оса­каров, Нұра, Абай, Қар­қара­лы және Ұлытау аудандарында ашылған-ды. Олар жалпы саны 23 мың адамнан асатын 28 елді мекен­нің өрт қауіпсіздігін сақтайды.

Жалпы, өрт сөндіру бекет­тері жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ашылады. Ал Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті оларды қажетті техникамен қам­та­масыз етеді. Соңғы уақыттың өзінде аталған бекеттерге алты өрт сөн­діру автотехникасы беріл­ген.

Қазіргі уақытта Жаңаарқа жә­не Қарқаралы аудандары әкім­діктерінің балансына өрт сөндіру көлігінің тағы екеуін беру мәсе­лесі қарастырылуда. Жыл соңына дейін Шет, Осакаров, Нұра, Абай және Ұлытау аудандарында да бес өрт сөндіру бекетін ашу жос­пар­да бар.

Айта кету керек, Қайнар ауы­лында ашылған бұл нысан өңір­дегі 14-ші өрт сөндіру бекеті.

Қарағанды облысы,

Нұра ауданы

Бөлісу: