Вице-премьер мен елорда әкімі мектеп құрылысының барысымен танысты
<p style="text-align: justify;">Премьер-Министрдің орынбасары Б. Сапарбаев пен елорда әкімі А. Көлгінов жаңа оқу жылында өз есігін айқара ашатын №87 жаңа мектеп-гимназиясына барды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

Б. Сапарбаев мектептің оқу жылына дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Қала әкімі атап өткендей, көптеген мектептерде, олардың ішінде жаңа мектептерде, кіреберістермен проблемалар бар. Мектепке жету үшін ата-аналар мен оқушыларға аулалар мен автокөліктердің тізбегі арқылы жүруге тура келеді. Ғимаратты салу кезінде мектепке 4 кіреберіс жол қарастырылған.
Елордада барлығы 108 мектеп пен 162 мың оқушы бар. 5 жыл ішінде 40 білім беру нысанын салу жоспарлануда. Бұдан басқа 11-ден астам оқу орны шетелдік инвестициялар есебінен салынатын болады, бұл мектептер жалпы алғанда 10 мыңнан астам жаңа оқу орындарын ашуға мүмкіндік береді.