Спорт
1 мин оқу 490

Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі басталды

<p style="text-align: justify;">Бұл күндері Нью-Йоркте жүлде қоры 57&nbsp;238&nbsp;700 долларды құраған теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі өтуде.</p>

Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі басталды

Айтулы жарыста Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынауда. Өкіншке қарай, олардың екеуі алғашқы күні-ақ жеңіліс тапты. Зарина Диас әлемнің екінші ракеткасы, биылғы жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы, австралиялық Эшли Бартиге жол берді. Есеп – 6:1, 3:6, 2:6. Елена Рыбакина чехиялық Каролина Муховаға есе жіберді – 4:6, 4:6.

Бүгін түнде Юлия Путинцева америкалық Эдисон Бренглмен шеберлік байқасады. Ал ерлер арасындағы жарыста Михаил Кукушкин мен испаниялық Роберто Баутиста-Агут және Александр Бублик пен колумбиялық Сантьяго Хиральдо күш сынасады.  

 

Бөлісу:
Теннистен АҚШ-тың ашық біріншілігі басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар