Жаңалықтар
1 мин оқу 1,090
Семейде ХХ республикалық «Абай оқулары» өтіп жатыр
<p style="text-align: justify;">Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттауға еліміздің әр түкпірінен жүзден аса оқушы жиналды.</p>

Оқушылар Абай мен Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа оқудан бақ сынаспақ. Биыл қатысушылар алты номинация бойынша өз өнерлерін ортаға салады. Абайдың қара сөзін жатқа айтып, Шәкәрім шығармаларынан үзінді оқымақшы.
- Бүгін Семей қаласына келдік, - деді Ақтөбе облысының мектеп оқушысы Дариға Нысанқұл, - қала бізге ұнады. Бұл қасиетті, тарихқа толы Абай туған ел. Абай өлеңдерін бала кезімнен оқыған едім. Енді, міне, 11-сыныпқа келген кезде «Абай жолы» кітабын оқуды қолға алдым. Тілі өте бай әрі қызықты шығарма.
Республикалық «Абай оқуларына» келгендер ақын ескерткішіне гүл қойып, тағзым етті.
СЕМЕЙ
Бөлісу: