А. Көлгінов мектеп бойында салынған асфальт сапасын тексерді
<p style="text-align: justify;">Елорда әкімі А. Көлгінов «Байқоңыр» ауданының жөнделген көшелерін аралап, №87 мектептің оқу жылына дайындығын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады. </p>

Мектеп құрылысы Байқоңыр ауданын көркейте түсті. Радищев көшесінің тұрғындары үшін асфальт төселді. Қала әкімі атап өткендей, жаңбыр кезінде су тұрғындардың үйлері мен аулаларына кірмеуі үшін ағызу жүйесін ойластыру қажет. Сондай-ақ, Морозов көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
«Оқу орны жақын маңда орналасқан № 5 және № 16 мектептеріндегі оқушылардың тым көп болуын реттейді. Мектеп инженерлік желілерге қосылған», - деді А. Көлгінов.
А. Көлгінов кейбір білім беру мекемелерінде кірме жолдармен проблемалар бар екенін, жаңа мектепте 4 кірме жолы қарастырғанын атап өтті. Елордада барлығы 108 мектеп, 162 мың оқушы бар. 5 жыл ішінде 40 білім беру нысанының құрылысы жоспарлануда. Осы оқу жылы бірінші сыныпқа 24 мың оқушы барады.