Қазақстан
2 мин оқу 1,031

Ата Заң рөлі талқыланды

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған &laquo;Конституцияның цифрлық өркениет дәуірінде мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайындағы рөлі&raquo; тақырыбында дөңгелек үстел өтті.</p>

Ата Заң рөлі талқыланды

Іс-шара елдегі әлеуметтік, құ­қықтық және демократиялық мем­лекеттің қағидаттарын бекі­туде Конституцияның рөлі мен әлеуетін жан-жақты тал­қы­лауға арналды. Форумды Конс­ти­туциялық Кеңес ұйымдастырды. Оның жұмысына Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының басшылары, Конституциялық Ке­ңес мүшелері, Парламент депу­таттары, Үкімет мүшелері, құ­­қық қорғау мекемелерінің өкіл­дері, сондай-ақ бел­гі­лі отандық құқықтанушы ғалымдар қатысты.

Отырыстың ашылуында Конс­титуциялық Кеңес­тің Төр­­ағасы Қ.Мәми атап өткен­дей, Конс­титуция – егемен­дік пен тәуел­сіздікті бекітетін аса ма­ңызды құжат, мемлекет­ті­лік­тің, қоғамдағы келісім мен тұ­рақтылықтың берік негізі. Не­гізгі Заңды құрметтеу және бұл­жытпай сақтау – алға қойылған ауқымды мақсаттарға жетудің кепілі.

Президент Әкімшілігі бас­шы­сының орынбасары Ә.Рақышева, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қо­ры атқарушы директорының орын­басары И.Рогов қатысушы­ларға өз құттықтау сөздерін арнады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұ­мағалиев, Конс­ти­туциялық Кеңес­тің мүшесі В.Ма­линовский, Жоғар­ғы соттың, Бас прокуратураның, Мем­лекеттік қызмет істері агенттігінің, Әді­лет, Денсаулық сақтау, Ақпа­рат және қо­ғамдық даму минис­тр­ліктерінің және ғылыми қоғам­ның өкілдері Конституция не­гіздерін іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.

Панельді сессияларда аза­маттардың конституциялық әлеу­меттік құқықтарын іске асыру құралдарын күшейту, құқық үс­темдігін бекіту, қоғамды демо­кратия­ландыру, мемлекеттік бас­қаруды және құқық қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жаппай цифрландыру процесінде жеке тұлғаның мүдделерін қорғау кепілдігін нығайту бағыттары қозғалды.

Дөңгелек үстел аясында Конс­титу­цияның үстем­дігін қам­та­масыз ету және қазақстан­дық­тардың конституциялық мәдениетін арттыру ісі бойынша журналистер арасында ұйымдас­тырылған конкурстың жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтті. Айта кетейік, бұл конкурс өт­кен жылы Конституция күніне арналған халықаралық конференцияда жарияланған болатын.

Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Мәми жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға кон­курсқа белсенді қа­тыс­қаны үшін алғысын білдірді және ха­лықтың конституциялық-құқықтық са­насын жаңғырту бойынша кәсі­би қыз­метіне табыс тіледі. Лау­реаттарға Құр­мет грамоталары және естелік сый­лық­тар берілді.

Конституциялық Кеңестің Төр­ағасы бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкіл­деріне арнаған сөзінде бүгінгі таңда конститу­циялық-құқықтық сипаттағы мә­селелерде маманданған кәсіби журналистерге деген үлкен сұ­раныс бар екенін атап өтті.

Бөлісу:
Ата Заң рөлі талқыланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар