Аймақтар
3 мин оқу 440

Қазына қоймасы

<p style="text-align: justify;">Қазіргі кезде әлемде кітап оқу жөнінен бірінші орында &ndash; ағылшындар, екінші орында &ndash; немістер, үшінші орында &ndash; америкалықтар, төртінші орында жапондар тұр екен. Өкінішке қарай, ғаламшардың оқу &laquo;соққан&raquo; тұрғындарының қатарынан қазақтарды іздеуге әлі ерте. Деректер ел тұрғындарының 57 пайызы ғана тұрақты түрде кітап оқитынын айғақтайды.</p>

Қазына қоймасы

Алайда, бұл айғаққа бола қазақтан қара танымайтын ха­­лық жасауға асықпау ке­рек. Ақылмандар ой-өрісі қа­лып­тасқан ұлт рухани азықты тал­ғаммен тұтынатынын ес­­­кер­те­ді, яғни зиялының дең­­гейі оқып, тауысқан кі­тап санымен емес, санға қо­нымды мазмұнды ақпаратқа қанығумен өлшенеді екен. Жалпы, кітап оқу үшін жағдай керек. Осы жерден отан­дық кітап ісінің, баспа мен таралым, тағы да басқа автор мен оқырманның арасындағы мың түрлі мәселе менмұндалап шыға келеді. Оны қозғау басқа та­қы­рыптың еншісіне қалсын. Қазіргі сөзімізге кі­тапха­наларды арқау етелік. Әрі алыс ауылдағы шағын кі­тапхана туралы...

Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты Қалжат ауы­лының кітапханасы 2007 жылы ашылған. 50 шаршы метр аумаққа ғана орналасқан бұл оқырман үйі ауылдағы 2424 тұрғынның рухани ордасы іспетті. Оның ішінде 733 адам тұрақты түрде кітап жаз­дырып алып оқиды екен.

– Кітапхана – қай дәуірде де қоғамның мәдени өмірінің бір­ден-бір көрсеткіші, өткен тарихымызды өшірмей, ұлт жадын мәңгілік сақтайтын мекен болып есептеліп ке­леді. Осы қасиетті істі жал­ғастыру үшін кітапхана ісі мен кітапханашылар да заман талабына бейімделіп, үнемі жетіліп отыруы керек. Біздің ауылдық кітапханамыз шағын болғанымен, ізденген адамға рухани қорегін та­уып беретін оқырман отауы. Қазір ел бойынша кітапхана қызметін жетілдіру, жаңғырту жұмысы қызу жүріп жатыр. Кітапханашылардың жұ­мы­сын оңтайландыру мақ­са­тын­да кітапханалардың авто­маттандырылған ақпараттық жү­­йесі енгізілді. С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының әкім­шілігі мен мамандарының кө­мегі арқылы 2014 жылы ауыл­дық кітапханаға «КАБИС» бағ­дар­­ламасы қойылды. Бұл кі­тап қорының сақталуын қам­тамасыз ету, қорға қолже­тім­ділікті кеңейту, жалғыз да­на басылымдарға деген оқыр­ман­дардың сұранысын қанағат­тандыруға мүмкіндік беретін басты бағыттардың бірі ретінде құжаттарды сандық түрге кө­шіру жұмыстары жаппай жүр­гізілуде, – дейді Қалжат ауылдық кі­тапханасының директоры Аида Тұрсынова.

Әдетте, оқырман мен кі­тапха­на арасындағы жарасымды жалғастыққа кітапханашы жауапты болса керек. Яғни, кі­тапханашының білімі мен білігі, мінезі мен өз ісін сүйе білуі сияқ­ты кәсіби қасиеті қашанда бағалы. Осы Қалжан ауылының кітапханашысы Санам Сидирова сондай қа­дірлі маманның бірі. Кі­тапхана ашылған алғашқы күн­нен бері еңбек етіп келе жатқан кітапханашыны оқыр­мандар ерек­­ше сыйлайды. Ауыл­дың жасы да, жасамысы да ол өткізген мәде­ни шарадан қалмауға тырысады екен. Был­тыр Тәуелсіздік күні­не орай «Тә­уелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты кітап көрмесі және танымдық сағаттар мен Ауған соғысының қасіретін көр­сететін «Жүректегі жара», «Өш­пес ерлік – ұрпаққа мұра» атты кітап көр­мелері нәтижелі өтті.

– Қазіргі заманның дамуы­на қарай ақпаратты жан-жақты аудио, бейне, интернет жүйесі арқылы жылдам алуға мүмкіндік туғанымен, кітапхана арқылы әдеби кітап­тарды оқи отырып алатын бі­лім мен саламаттылық орны ерекше. Ұрпақ тәрбиелеуде кітапхананың алатын орны ерекше. «Адам өзін кітаппен дос бола бастаған шақтан бас­тап қана интеллигентпін деп санауына болады» депті ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Яғни, кітап – теңдесі жоқ асыл қазына болса, оның мекені – кітапхана, – дейді Қалжан ауы­лының кітапханашысы Санам Сидирова.

Алматы облысы,

Ұйғыр ауданы

Бөлісу: