Спорт
1 мин оқу 261

Капитан тағы көш бастады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Вуэлта&raquo; Испания&raquo; велокөпкүндігінің кезекті 5-ші кезеңі 170,7 шақырымдық Ла-Эльяна &ndash; Альто де Хаваламбре аралығын жалғады. Бұл жолы пелотоннан ерте қара үзіп кеткен үштік өзара жеңімпазды анықтады.</p>

Капитан тағы көш бастады

Мәре сызығын Burgos-BH командасының өкілі Анхель Мадросо бірінші болып қиды. Одан аталған команданың келесі бір велошабандозы 10 секунд кейін келді. 3-ші орын 22 секунд кешіккен Cofidis өкілі Xoce Херрадаға бұйырды. Ал «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес негізгі бәсекелестерін «шаң қаптырып», мәреге 4-ші болып жетті. Ол жеңімпаздан 47 секунд қалып қойды. Соған қарамастан қайтадан көш бастаушының қызыл жейдесін киді.

Алмас МАНАП,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Капитан тағы көш бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар