Қазақстан
1 мин оқу 515

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел тұрады

<p>Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жел соғып, найзағай мен бұршақ болады. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады.</p>

Еліміздің бірнеше өңірінде қатты жел тұрады

Синоптиктердің мәліметінше, 31 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Петропавлда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні күндіз 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Бөлісу: