Руханият
1 мин оқу 1,216

Ұлттық академиялық кітапханада «Ашық есік күні» өтеді

<p><strong>1 қыркүйек күні сағат 11.00-де&nbsp;Ұлттық академиялық кітапханада &laquo;Ашық есік күні&raquo; атты мерекелік іс-шара өтеді. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;</strong></p>

Ұлттық академиялық кітапханада «Ашық есік күні» өтеді

Іс-шараның мақсаты – кітап мұрасын насихаттау, оқырмандарды кітапхана қорымен, сирек және құнды кітаптармен таныстыру, кітап оқу мәдениетіне тарту. Сондай-ақ Қазақстанның ақпараттық брендіне арналған Қаз ҰЭК-мен таныстыру.

Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы порталын жылына 100-ге жуық оқырман  пайдаланады.

Мерекелік жиын барысында Абайдың 175 жылдығы және Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына арналған көлемді илюстрациялық кітап көрмесі, «Білімді ұрпақ - мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел, «Балалар кітапханасының озық оқырманы»  сайыс сағаты, «Аңыздың ақыры - көркем шежіре», «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы бойынша оқырмандар конференциясы, «Білім әлеміне саяхат» кітапханалық керуені, «Қазақстанның мәдени және ғылыми мұрасы» веб-экскурсия, «Елдің зияткерлік нышаны» кітапхана сабағы, «Кітап әлеміне саяхат» библиосерфинг, «Ұлы даланың жеті қыры» кітап көрмесімен таныстыру,  «Ертегі терапиясы», ертегіші Күлаш әжемен кездесу кештері ұйымдастырылады.

Бөлісу: