Руханият
1 мин оқу 231

«Жәлел жұлдыздары» анықталды

<p style="text-align: justify;">Жақында Ұлттық академиялық кітапханада татар ақыны Мұса Жәлелдің шығармашылығына арналған &laquo;Жәлел жұл&shy;&shy;дызы&raquo; халықаралық әдеби байқауының жеңімпаздары мара&shy;пат&shy;талды.</p>

«Жәлел жұлдыздары» анықталды

Әдеби байқау 15 ақпанда басталып, оған 500-ден астам үміт­кер қатыс­қан. Алайда бәй­ге талаптарына сәйкес 300 қатысушы іріктеліп, бақ сынады. Халықаралық жобаның авторы Ринат Дусумов шығармашы­лық байқаудың өту барысы оңай болма­ғанын атап өтті. Бірнеше жыл қа­та­рынан ұйымдас­тыры­лып келе жат­қан аталмыш әдеби байқауға биыл Мұса Жәлел өлеңдерін аудару жанры қосылған.

«Дослық» татар мәдени ор­талы­ғының төрайымы Яннат Низамут­­динованың сөзіне сүйен­­сек, әдеби бәйгеге қатыс­қан шығармашылық жұмыс­тар жинақталып, кітап болып шық­пақ. Шара соңында жүл­дегерлер он бір аталым бойын­ша марапатталып, «Жәлел жұл­дыздарының» есімдері аталды. 

Бөлісу:
«Жәлел жұлдыздары» анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар