Аймақтар
1 мин оқу 580

Түркістан облысында жаңа 7 мектеп ашылды

<p style="text-align: justify;">Білім күніне орай, Түркістан облысында жаңадан 7 мектеп ашылды, ал жыл соңына дейін 15 мектеп пайдалануға беріледі. Облыс көлемінде биыл 56&nbsp;506 бала бірінші сынып табалдырығын аттады, жалпы білім алатын оқушылар саны 488&nbsp;520-ға жетіп отыр.</p>

Түркістан облысында жаңа 7 мектеп ашылды

Ал бүгінде ел назарындағы Арыс қаласы бойынша 2500-ге жуық оқушы 1 сыныпқа барды. Білім күні қаладағы барлық 40 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Шаһардағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінде өткен салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбаев қатысты.

Арыс қаласындағы әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан "Самұрық - Қазына" ҰӘҚ " АҚ 16 орта мектепті толық қалпына келтіріп, оқу жылына дайындап үлгерді. Айта кетелік, бүгінгі таңда Арыс қаласында қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пайдалануға берілген. Қалған 5 нысанды қыркүйек және қазан айларында тапсыру көзделіп отыр.

Түркістан облысы

Бөлісу: