Президент
1 мин оқу 281
Қазақстан Президенті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаевты қабылдады
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысына Ақмола облысының биылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ келесі жылы Көкшетау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумына дайындық барысы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қазақстан Президенті өңірде агроөнеркәсіптік кешен мен туризм саласының әлеуетін нығайтудың маңыздылығын айтып, әкімге жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін тапсырды. Сондай-ақ, ол балалар мен жастарға қолжетімді инфрақұрылым нысандарын салу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Маржықбаевқа Ақмола облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу: