Спорт
1 мин оқу 300

Жұптық кезеңді жалғастыруда

<p style="text-align: justify;">Теннистен қыздар арасында Қазақ&shy;станның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-тың Нью-Йорк қала&shy;сында өтіп жатқан US Open (АҚШ ашық біріншілігі) турнирінің жұптық бәсе&shy;кесінде үшінші кезеңге жолдама алды.</p>

Жұптық кезеңді жалғастыруда

Отандасымыз жұптасып өнер көрсетуде 20 жастағы ресейлік Анна Калинскаямен бірге сынға түсуде. Турнирдің екінші кезеңінде Путинцева мен Калинская дуэті (Қытай) – Алиция Росольска (Польша) жұбы­мен кездесіп, үш сетке созылған бәсе­кеде 6:2, 5:7, 6:3 нәтижесімен басым түсті. US Open жарысының ширек финалы­на шығу үшін Путинцева мен Калинская турнир­дің ең мықты жұбы және бірінші ракеткасы сана­латын Тимея Бабош (Венгрия) және Крис­тина Младеновичпен (Франция) күш сынасады.

Еске сала кетейік, US Open турнирінде қазақстандық теннисшілерден Юлия Пу­тин­цева ғана қалды. Оның өзі тек жұп­тық бәсекеде сынға түседі. Қалған теннис­шілер­дің бәрі үшінші кезеңге жетпей сүрінді.

Бөлісу: