Үкімет
1 мин оқу 180

Нан бағасы тұрақты сақталады — АШМ

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Үкіметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров астық нарығындағы ахуал мен нан бағасы туралы айтып берді. Бұл туралы&nbsp;primeminister.kz хабарлады.</p>

Нан бағасы тұрақты сақталады — АШМ

Оның айтуынша, нан бағасы тұрақты болып қалады, бағаның айтарлықтай ауытқу жағдайлары күтілмейді.

«Жыл басында мен нан бағасының өсуін тежеу туралы айттым. Азық-түлік корпорациясы арзандатылған астықты наубайханаларға 100-ден 150 мың тоннаға дейін сатады. Біз 100 мың тонна астық саттық. Содан бері нан бағасы тұрақты», — деді С. Омаров.

Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы министрі ауа-райы жағдайларына байланысты биыл 1-1,5 тоннаға аз өнім жинау болжалғанын атап өтті. Бұл жағдай ішкі нарыққа әсер етпейді.

«Егер біз 19 млн тонна астық жинасақ, оның 9 миллионы ішкі нарықта қалады, біз 7-8 миллион тоннасын экспорттаймыз, 2 миллион тонна астық қалады. Сонымен қатар, бізде былтырғыдан қалған астық бар. Оның көлемі – 1,5 миллион тоннаны құрайды. Жалпы, бізде ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін астық жеткілікті», — деді министр.

Сонымен қатар, С. Омаров атап өткендей, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сатып алатын 1 миллион тонна астықтың ішінде нан өндірушілер үшін 150 мың тонна көлемінде, құс фабрикаларв үшін 100 мың тонна көлемінде резерв бар.

Бөлісу:
Нан бағасы тұрақты сақталады — АШМ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар