Спорт
1 мин оқу 170

Елдос Сметов әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

<p style="text-align: justify;">Дзюдодан Токиода аяқталған әлем чемпионатынан соң халықаралық федерация әлемдік рейтингті жаңартты. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар бірнеше сатыға төмендеді деп жазады Olympic.kz.&nbsp;</p>

Елдос Сметов әлемдік рейтингте бір сатыға төмендеді

60 келідегі Елдос Сметов бір орын төмен сырғып, рейтингте алтыншы орынға тұрақтады. Ал Ғұсман Қырғызбаев керісінше бір саты жоғарылап, 10-шы орынға көтерілді. 

66 келідегі Ерлан Серікжанов жетінші орынға көтерілсе, Елдос Жұмақанов бір саты төмендеп, 12-ші орында тұр. 

73 келідегі Жансай Смағұлов 19-шы орынға сырғыды. Бұған дейін ол 17-ші орында болатын. 

Екі орынға төмендеген 81 келідегі Дидар Хамза 19-шы сатыда, ал Руслан Мұсаев алты сатыға жоғарылап, 43-ші орынға көтерілді. 

90 келідегі Ислам Бозбаев 12-ден 13-ші орынға сырғыды. 100 келіге дейінгі салмақта Айбек Серікбаев екі сатыға жоғарылап, 60-шы орынға көтерілді. 

Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев 34-шы сатыға жылжыған.

Бөлісу: