Аймақтар
2 мин оқу 191

Ауыл тұрғындары баспаналы болды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Өңірде жыл сайын қоныс тойын тойлаушылар көбеюде.</p>

Ауыл тұрғындары баспаналы болды

Биыл да білім күніне орай, Жамбыл ауданына қа­­расты Аса ауылындағы «Бәйтерек» шағын ауда­нында жаңа тұрғын үй пай­далануға берілді. Оған Жам­был облысының әкімі Асқар Мырзахметов арна­йы қатысып, пәтер иелері­не кілттерді салтанатты жағ­­дайда тапсырды. Ал бұл баспана тұрғындарға арен­­далық негізде беріліп отыр. Пәтерлер негізінен көп балалы және толық емес отба­сыларға берілді.

Аса ауылында барлығы 18 отбасы қоныс тойын тойлауда. Аудандық бюджеттен қарастырылған қаржыға бой көтерген құрылысты «Бином» жауапкершілігі шектеулі се­ріктестігі жүргізген. Жоба құны 146,9 миллион теңгені құрайды.

Облыс бойынша көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақ­сатында үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында 120 көп балалы отбасына пә­тер кілті тапсырылғанын айта кетейік. Оның 93-і арендалық үй болса, 27-сі демеушілер есебінен берілді. Өңірде жыл соңына дейін 493 көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған болатын.

Сондай-ақ тұрғын үй ке­зегі келгенге дейін көп бала­лы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақха­на құ­рылысына тиісті қара­­жат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Со­­нымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үс­тіміздегі жылы барлығы 17,6 мил­лиард тең­геге 30 көпқа­батты 2 118 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көп­қабатты 1988 пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады.

Жалпы, Конституция күні және Білім күні мерекелеріне орай, облыс бойынша 800-ге жуық пәтерді құрайтын 11 көп­қабатты тұрғын үй пай­далануға берілді. Оның 9-ы Тараз қаласында болса, 2-еуі Жамбыл және Талас аудандарына тиесілі.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Ауыл тұрғындары баспаналы болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар