Мәре сызығын тоғызыншы болып кесті
<p style="text-align: justify;">«Испания Вуэльтасы» велокөп­күндігінің кезекті 11-ші кезеңі 180 шақырымдық Сен-Пале – Урдакс-Данчаринеа аралығын жалғады. Бұл кезеңде пелотоннан қара үзіп кеткен топ өзара жеңімпазды анықтады.</p>

Пелотоннан бөлініп шыққан 13 велошабандоздың арасында «Астана» велокомандасының өкілі Горка Исагирре де болды. Мәре сызығына 30 шақырым қалғанда испаниялық спортшы Микель Итуррия (Euskadi – Murias) шабуылға шықты. Жарыс соңына дейін басымдығын сақтап, кезең жеңімпазы атанды. Ал Горка Исагирре Итурриядан 12-секунд артта қалып, бәсекені 9-орынмен аяқтаса, «Астананың» капитаны Мигель Анхель Лопес мәреге негізгі топпен бірге жетті.
Жалпы, кезеңнің қорытындысы бойынша, словениялық велошабандоз Примож Роглич (Lotto NL-Jumbo) көш бастап келеді. Екінші орында Рогличтен 1 минут 52 секунд артта қалып қойған Алехандро Вальверде (Movistar) орналасса, «Астана» өкілі Мигель Анхель Лопес (+2,11) үздік үштікті қорытындылап тұр.