Қоғам
2 мин оқу 390

Жастар жалға берілетін пәтерді қалай ала алады?

<p>Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз&nbsp; тұрғын жайды жалға беру қағидаларын бекітті.</p>

Жастар жалға берілетін пәтерді қалай ала алады?

Бекітілген қағидаға сәйкес, өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын жайды алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);

6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7) жұмыс орнынан анықтама; 

8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;

9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;

10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;

11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).

Балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:

1)        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге –10 балл;

2) отбасы болған жағдайда – 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін – 2 балл;

3) 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл;

4) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл;

5) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл;

6) бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) – 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін – 1 балл;

7) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл. Балдар тең болған жағдайда өтініш берген күннен бұрын өтініш берген үміткерлер басымдыққа ие болады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі.

Бөлісу:
Жастар жалға берілетін пәтерді қалай ала алады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар