Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды
<p style="text-align: justify;">Алдағы демалыс күндері 7-8 қыркүйекте көпфункционалды «Almaty Arena» спорт кешенінде қалалық Almaty Urban Fest спорт фестивалі өтеді. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. </p>

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.
«Алматы челленджді Нұр-Сұлтаннан қабылдады.Біз өзімізден соң оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз», - деді Р. Байсейітов.
Баспасөз конференциясына қатысқан танымал кәсіби боксшыҚанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және спорттың көше түрлерін дамытуға ықпал етеміз», - деп атап өтті Қ. Ислам.
Almaty Urban Fest 7 қыркүйекте таңғы сағат 10-00-де басталады. Streetball, Workout, Armwrestling, кәсібилер арасында роликтен, әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан, скейтбордтан жарыс секілді спорт түрлерінен іріктеу кезеңдері өтеді.