Қазақстан
1 мин оқу 190

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстікте және орталықта тұман болса, батыс және оңтүстікте сенбі жауын-шашынсыз өтетіні болжанады.&nbsp;Бұл туралы &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК хабарлады.&nbsp;</p>

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.

Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, күндіз Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола және Павлодар облыстарында тұман күтіледі.            

Сондай-ақ Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Алматы және Ақтөбе облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: