Аймақтар
1 мин оқу 326

Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өнімдерін ұсынды

<p style="text-align: justify;">Осы демалыс күндері жәрмеңкеде Алматы және Қостанай облыстары өз өнімдерін ұсынуда. Қала тұрғындары азық-түлікті төмен бағамен сатып ала алады. Барлығы 380 тонна (Қостанай облысы) және 330 тонна (Алматы облысы) көлемінде 100-ден астам өнім түрі ұсынылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өнімдерін ұсынды

«Мұндай жәрмеңкелерге әр демалыс күндері қатысуға тырысамын, өйткені еліміздің әр өңірінен шыққан өнімдер әр түрлі. Мұнда баға айтарлықтай төмен. Таңдау үлкен: етінен кәмпитке дейін. Бүгін көкөніс, алма сатып аламын - себебі Алматы аймағы олармен танымал», - деді елорда тұрғыны Назгүл Байтурсынова.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әр демалыс күндері 28 қазанға дейін өтеді («Хан Шатыр» СОО жанындағы алаң»)

14-15 қыркүйек: Павлодар облысы

21-22 қыркүйек: Ақтөбе және Қызылорда облыстары

28-29 қыркүйек: ШҚО және Атырау облысы

5-6 қазан: Қарағанды облысы

12-13 қазан: Павлодар облысы

19-20 қазан: СҚО

26-27 қазан: Ақмола облысы

Бөлісу:
Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өнімдерін ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар