Қоғам
2 мин оқу 481

Жастарға жалға берілетін баспана

<p style="text-align: justify;">Тұрақты жұмысы бар жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтердің қандай тәртіппен берілетіні белгілі болды. Оның тиісті қағидалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.</p>

Жастарға жалға берілетін баспана

Сонымен Ақпарат және қо­ғамдық даму министрінің биыл­ғы жылдың 29 тамызындағы бұйрығына, соған орай бекітіл­ген ережеге сәйкес, сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер 5 жылға беріледі. Оны алу үшін өтініш беруші азамат тиіс­ті өкі­летті органға бірқатар құжат­ты тапсыруы керек.

Тапсырылатын құжаттардың тізіміне тоқталар болсақ, тиісті өтінішпен қоса  азаматтың же­ке басын куәландыратын құжат­тың көшірмесі, білімі туралы құжаттың көшірмесі, отба­сы­­лы болған жағдайда неке куәлік­тің, балаларының туу туралы куәлігінің көшірмесі қоса ұсы­нылады.

Өтініш берушінің және оның отбасының барлық мүшелерінің жылжымайтын мүлігі жоқ екені туралы анықтама да тапсыры­латын құжаттар тізімінде бар. Бір айта кетерлігі, өтініш бе­ру­­­шінің ай сайынғы табысы кемінде 40 айлық есептік көр­­сеткіштен,  яғни, 101 000 тең­геден кем болмауы тиіс. Ең­бек өтілін растайтын, түрлі қыз­мет салаларындағы жеке жетіс­тік­терін растайтын құжат­тары да оның баспанаға қол жет­кізу мүмкіндігін арттыра түседі.

Өтініш берушілердің, яғни, баспана алуға конкурсқа қатысушылардың мүмкіндікте­рі жинаған балы бойынша анық­талады. Айталық, «Еңбек» мем­лекеттік бағ­дарламасына сәй­кес бекітілген, нарықта ең жо­ғары сұранысқа ие кәсіптің ие­­ле­ріне автоматты түрде 10 балл беріледі. Бұл 100 ма­ман­­­дықтың қатарында IT-ма­ман­­дар, 3D модельдеу ин­­же­нері, эколог, өндіріс жә­не қор­шаған ортаны қорғау ин­же­не­рі және оның көмекшісі, ағаш ұстасы, тас қалаушы, құ­ры­лысшы-мон­тажшы, сантех­ник, инте­рьер дизайнері және декоратор, «Ақылды үй» инфра­құрылымының операторы, сле­сарі және жөндеушілері, трак­торшылар, сондай-ақ ком­байн­дар мен өзге де ауыл шаруа­шылығы жабдықтарының опе­ра­­торлары, ет және балықты жар­­­­тылай фабрикаттармен азық-түлік және ұнтақтар өнді­ру­­­шілер және басқалары бар.

Сол сияқты отбасылы аза­матқа – 5 балл, некеде тір­кел­ген әрбір жылы үшін – 2 балл; бір балаға – 1 балл, әрбір кейін­гі бала үшін – 2 балл; жеке кәсіп­керлікпен айналысқаны үшін әр жылына – 5 балл деген сынды ереже бойынша жиған тиісті балы қосылады. Жоғары балл жинаған азамат сәйкесінше жалдамалы пәтерге ие болады.

Бөлісу:
Жастарға жалға берілетін баспана · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар