Саясат
1 мин оқу 230

Қазақстан Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Амман қаласында Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Айдарбек Тұматов Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Қазақстан Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды

«Басман» корольдік сарайында өткен ресми іс-шара шеңберінде Елші мемлекет басшылығының екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты одан әрі жан-жақты нығайту бойынша дәйекті бағдарын растады.

Өз кезегінде Иордания монархы екіжақты қатынастардың тұрақты дамып келе жатқанын жоғары бағалады. Сондай-ақ Қазақстанның басшылығына өзінің жылы лебізін жеткізуді сұрады.

Сол күні Беларусь, Греция, Еуропалық Одақ, Қатар, Марокко, Үндістан, Франция және Чилидің жаңа елшілері де Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды.

Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар