Спорт
1 мин оқу 422
Шахмат: Алматыда Азия чемпионаты өтуде
<p style="text-align: justify;">Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды. Айтулы додада 16 мемлекеттен келген 70 ойыншы бақ сынауда. </p>

Осы жарыста алғашқы жүрісті шартты түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Уәлихан Тен және Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Еркін Исраилов жасады. Содан кейін шаршы тақтадағы шиеленісті тартыстар басталды. Бұл бәсекелер екі жас ерекшеліктері бойынша өтуде: 50 жастан жоғарылар және 65 жастан жоғарылар.
Алматыдағы додаға қатысушылар қатарында қазақстандық Елена Анкудинова мен Айтқазы Баймұрзин, австралиялық Хелен Миллиган және тағы басқа атақты шахматшылар бар.
Бөлісу: