Жаңалықтар
1 мин оқу 621

Вирустық менингит толықтай жазылады - инфекционист

<p style="text-align: justify;">Елордалық балабақшаның бірінде балалардың вирустық менингит жұқтырған екі жағдайы тіркелді. Осы себептен дәрігерлер өз бетімен ем жасамай,&nbsp; алдын алу шараларын қатаң ұстануға кеңес береді. Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас инфекционист-дәрігері,&nbsp; медицина ғылымдарының докторы,&nbsp; профессор,&nbsp; Астана Медициналық университетінің балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі Данагүл Баешева инфекциялық аурулардың белгілері мен сірлі менингиттің қаншалықты қауіпті екенін айтып берді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.&nbsp;&nbsp;<br /><br /></p>

Вирустық менингит толықтай жазылады - инфекционист

Инфекционист-дәрігердің айтуынша, инфекциялық аурулар мерзімге қарай таралады. Мәселен,  жаз бен күздің басы энтеровирустық инфекциялардың таралуына қолайлы кезең. Олардың 85%-ы адам бойында ешбір белгі бермейді.  Вирус екі жолмен - ауа және тамақ арқылы жұғады. 

«Вирустар 50 градустан асқан температурада жойылады,  алайда бірнеше рет қатырғанның өзіне де шыдай береді,  ал +4+6 градуста және суда ұзақ сақталады. Олар ультракүлгін сәуленің әсерінен,  кептіргенде және қайнатқанда жойылады», - дейді Данагүл Баешева.

Дәрігердің айтуынша, вирустық инфекцияларды көбіне 3-10 жас аралығындағы балалар жұқтырады. Вирус ауа арқылы да, тамақ арқылы да жұққандықтан, кейде жедел респираторлық-вирустық инфекция, болмаса өткір жұқпалы ішек аурулары сияқты өтуі мүмкін,  тек ұзағырақ қалтырап,  қызу көтеріледі. Сондай-ақ, бұл кезде мидың жұмсақ қабығы да қосылып,  сірлі менингитке әкелуі мүмкін.

«Энтеровирустық менингит бактериялық түріне қарағанда қатерсіз,  одан адам толықтай жазылып кетеді»,- дейді маман.

Бөлісу: