Жаңалықтар
1 мин оқу 630

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:<!--more-->

Эдуард Олегович Квятковский Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Жанна Дулатқызы Құрманғалиева Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды;

Қайрат Бектайұлы Әбсаттаров Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

*  *  *

Мемлекет басшысының Өкімімен Батыр Әпенұлы Маханбетәжиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс  агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бөлісу: