Қоғам
1 мин оқу 350

Дорит Саллис: Өркендеудің негізі

<p style="text-align: justify;">Пре&shy;зидент Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолда&shy;уында ұсынған ішкі реформалар елдің экономикалық, әлеу&shy;мет&shy;&shy;тік және саяси салаларында айтарлықтай өзгерістерге жол аша&shy;ды.</p>

Дорит Саллис: Өркендеудің негізі

Инфрақұрылымның, энергетика мен ауыл шаруашылығының негізгі секторларындағы реформалардан бастап, білім беру, ден­саулық сақтау және тұрғын үйді жақсарту, өңірлерді дамыту, ШОБ-ты қолдау, көппартиялы жүйені нығайтуға дейінгі барлық реформалар Қазақстанның ұзақ мерзімді өсіп-өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын қамта­ма­сыз етудегі алға жылжуын көр­се­теді.

Президент айқындаған сырт­қы саяси басымдықтар да ма­ңыз­ды. Бұл Қазақстанға әлемдік экономикалық ірі мемлекеттердің арасында алатын орнын қамта­ма­сыз етеді. Экономиканың әрта­рап­тандырылған салаларындағы оңтайлы реттеу құрылымдары арқылы елге тікелей шетелдік инвестицияларды тарту саясаты, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұсынатын жан-жақты қаржы ресурстарының болуы шетелдік компаниялардың Қазақстанға өте перспективалы инвестициялық аймақ ретінде сенімін арттыруға ықпал етеді.

Қысқаша қорытындылай келе, Президент Қ.Тоқаев Жол­дау­да енгізілген ішкі және сырт­қы саяси реформалардың үйле­суі Қазақстанның қазіргі және таяу жылдардағы өсуі мен өркендеуіне негіз қалайтыны сөзсіз.

Дорит САЛЛИС,

Швейцария-Ресей/ТМД Бірлескен сауда палатасының басқарушы директоры

Бөлісу: