Соңғы алты жылда жасөспірімдер қылмысы 6 пайызға төмендеді - ІІМ
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев және Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев брифинг <a href="https://ortcom.kz/ru/novosti/balalar-atysty-zorly-zombyly-ashan-tajdy">өткізді</a>.</p>

Спикерлердің айтуынша құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарына «мектеп» полиция инспекторларын бекіту бойынша жұмыс жүргізілген. Олардың штаттық саны 2 мыңнан асқан. Бүгінде «мектеп» полицейлері оқушылар мен олардың ата-аналарымен құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, моральдық ахуалды зерттеп, кәмелетке толмағандар арасындағы жанжалдарды оқшаулау бойынша шаралар қабылдайды.
Мектеп иннспекторлары жыл сайын оқудан қашқан, ата-аналары оларға тиісті тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етпейтін 1,5 мыңнан астам жасөспірімді анықтаған. Нәтижесінде, соңғы алты жылда жасөспірімдер қылмысының жыл сайын орташа есеппен 6 % - ға төмендеген.
«Егер 2013 жылы кәмелетке толмағандар 4 275 қылмыс жасаса, 2018 жылы бұл көрсеткіш үштен бірге, 2 939 қылмысқа дейін төмендеді. Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жасөспірімдер жасаған құқық бұзушылықтар 9 %-ды құрады, оның ішінде оқушылар 2 %-ға азайды»,- деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.