Президент
1 мин оқу 493
Президент Қытай Ұлттық шай музейін аралады
<p>Мемлекет басшысы Ханчжоу қаласының мәдени нысандарын аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Залдарды қарау кезінде Ханчжоу қаласындағы Сиху өзенінің көрікті жерлері бойынша әкімшілік комитетінің жетекшісі Вэн Вэньцзе мен мұражай директоры У Сяоли Қазақстан Президентіне шай дәстүрінің ерекшеліктері мен шай әдебі, сондай-ақ Қытайдың түрлі провинцияларындағы шай мәдениеті туралы айтты. Мемлекет басшысына шай рәсімін көрсетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Лэйфэн пагодасына барып, онда орналасқан кітапханадағы көне қолжазбаларды қарап шықты.
Бөлісу: