Аймақтар
1 мин оқу 310
Елордада ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
<p style="text-align: justify;">ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.</p>

10 қыркүйекте елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталған.
Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша табылды.
Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Бөлісу: