Экономика
1 мин оқу 465

700 миллионға жуық өсімпұл есептен шығарылды

<p style="text-align: justify;">Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл басынан бері 2,9 млрд теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген 114 849 жеке тұлғаға қатысты 688,3 млн теңге өсімпұлды есептен шығарды.</p>

700 миллионға жуық өсімпұл  есептен шығарылды

Комитеттің хабарлауынша, 1,4 миллионға жуық адам ра­қымшылыққа ілігіп, 13,9 млрд теңге көлемінде қа­рыз­дың негізгі сомасын төле­ген жағдайда, 6,3 млрд теңге кө­лемінде өсімпұл есептен шы­ғарылуға тиіс.

2019 жылғы 13-14 тамызда барлық аумақтық департаменттер өсімпұлдарды есептен шығару бойынша комиссия құру туралы бұйрық шы­ғарған болатын. Салық қа­рызын Мемлекеттік кірістер ко­митетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық қары­зы­ның болуы/болмауы туралы ақ­парат» бөлімінде тексеруге болатынын айта кетейік.

Биыл 3 шілдеде Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ко­дексіне 2019 жылғы 3 шілдеде жеке тұлғаларға салық­тық рақымшылық жа­сауға мүмкіндік беретін өзгер­тулер енгізілгені белгілі. Бұл түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді. Сондай-ақ биылдан бастап Қаржы министрінің тиісті бұйрығы бойынша Өсімпұл сомаларын есептен шығару ережелері жарияланды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі 2019 жылғы 9 шілдеде бекіткен Жеке тұлғаларға салықтық ра­қымшылық жасау бо­йын­ша Жол картасы жасалып, Мемлекеттік кірістер коми­тетін­е оны жүзеге асыру мін­деті жүктелді.

Бөлісу:
700 миллионға жуық өсімпұл есептен шығарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар