Аймақтар
1 мин оқу 784

Жазуы бар жұмыртқа

<p style="text-align: justify;">Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта Алла&shy;ның құдіреті шексіз, шетсіз екеніне күмәнмен қарайтындар көбейіп кетті. Абай хәкім айтпақшы, &laquo;Алланың өзі де рас, сөзі де рас&raquo;. Кейінгі кездерде аяқ астынан болатын табиғи апаттардың, адам нанғысыз құбылыстардың түрлі жағдай&shy;ларда қайталанып тұратыны күпір&shy;ліктің кесірінен бе деп те қаласың. Кім біледі?</p>

Жазуы бар  жұмыртқа

Бұл сұраққа Қақпақ ауылы­ның тұрғыны, 50 жыл ағарту саласында қыз­­мет еткен зей­нет­кер ұстаз Нү­сіп ақса­қал былай жауап береді. Нақ­ты­рақ айтқанда, ол кісінің үйін­де таңға­лар­лық­ жағдай орын ал­ды. Бәлкім сәйкестік шығар, бәлкім құдай­дың құдіреті болар... атамыздың күркедегі тауығы «АЛЛА» деген жазуы бар жұмыртқа шығарыпты. Нүсіп қария соңғы уақытта үй құ­сын бағып жүргенін және денсаулығына байланысты күнде жұмыртқа жейтінін айтты. Ауру да, аурудың емі де Алладан екенін ескерген ақсақал мына құбылыстың тектен тек еместігін айтады. Сырты тегіс ке­ле­тін жұмыртқаның мұн­­дай ерекшелікпен жа­ратылғаны және онда Ал­ланың белгісін білдірер жазуды кескіндеген сызықтардың барына біз де көз жеткіздік.

– Кезекті күндердің бірінде күркеден жұмырт­қа жинап үйге келе жатқанда жұ­мыртқаның сыр­­­тындағы сызықтарға көзім түсе кеткені... Таңыр­қай, зер салып қарасам, арап қарпіндегі «Алла» деген ұғымды білдіретін жазу екеніне кө­зім жетті. Өзім төте жазуды өте жақсы танитын болғандықтан, жұмыртқадағы жазудың жо­ғарыдағыдай сөз екеніне күмәнім қалмады. Со­сын, таң­ғажайып жаңалықты сіздерге жеткізуге асық­тым, – дейді Нүсіп қария.

Алдағы уақытта бұл жұмыртқаны ме­шітке апарып бермек ойы бар. Қария шаңырағында бол­ған таңғажайып құбылысты жақсылыққа балайды.

Д. ЖАНАСЫЛ

Алматы облысы,
Райымбек ауданы

Бөлісу:
Жазуы бар жұмыртқа · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар