Аймақтар
2 мин оқу 450

Өзен жағалағанның өзегі талмайды

<p style="text-align: justify;">Жұмыс істеймін деп ұмтылып тұрған адамға кәсіп көп. Мәселен, Балкашин ауылының тұрғыны Юрий Шишкин он жылдан бері балық өсірумен айналысып келеді.</p>

Өзен жағалағанның өзегі талмайды

Сексен көлді омырауына алтын алқа етіп таққан Көкшетау мен Қорғалжын өңірінде балық өсіруге мүмкіндік мол. Осы мүм­­кіндікті қалт жібермеген әкелі-балалы Шишкиндер Сандықтау, Зеренді, Атбасар аудандарының аумағындағы төрт тоғанды жал­ға алған. Әрине табиғатқа залал келтірмеу бірінші кезек­те. Есесіне бұрын балық тү­гіл бақа өрістемеген кейбір то­­ған­­дар қазір ырысқа шү­­піл­деп тұр. Кәсіпкерлер Челя­бі қа­ласындағы балық тұқым­дарын өсіретін зауыттан 15 миллион мөң­ке балығының шабағын әке­ліп, көлге жіберген. Арқаның кей­бір көлдері тым тайыз болып келеді. Сондықтан, қыс бойы мұзын ойып, оттегін жіберіп күтпесе және болмайды.

– Балық сырын жете меңгеру үшін онымен түбегейлі айналысу керек, – дейді кәсіпкер Юрий Шишкин, – мәселен, біз ба­­лық табиғатын, оны өсірудің қыр-сырын жете меңгеруге тыры­судамыз. Көлдегі балық кө­бейсе, жалғыз кәсіпкер үшін емес, елге де пайдалы. Айдабол кө­лінде балықтың 7-8 түрі бар. Қысы-жазы балық аулауға келе­тін балықшылар көп. Ал біз бол­­­сақ, сүйегі аз, еті толымды ба­­­­­лық түр­лерін көбейтуге мүд­д­елі­міз. Демек, табиғаттан алға­ны­мызбен оған бере де білеміз.

Кәсіпкер тілге тиек етіп отыр­­ған Айдабол көліне биыл 12 миллионға жуық шабақ жібе­ріл­ген екен. Мамандардың болжамына қарағанда, осыншама шабақтың 40 пайызға жуығы қатарға қосылып кетуі мүмкін. Демек, кәсіпкердің жоғарыда айтқан пікірінің жаны бар.

– Мен әуесқой балықшымын әрі қоғамдық негіздегі қорық­­­­шы­мын, – дейді Викторовка ауы­­лының тұрғыны Александр Акин­чин, – осы көл бұрын қарау­сыз жатқан. Балығы бар кезде көл үстінде құстай қаптаған әуес­қой балықшылар балық азай­ған соң көрінбей кетіп еді. Ен­ді мі­не, қайтадан қаптады. Өйт­кені көл­ді ұзақ мерзімге жал­ға алған кәсіп­керлер арқылы балық өріс­тей бастады. Демек, әр іске ие керек.

Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге толымды кө­мек көрсетілуде. Балық ша­руа­шылығы да ескерілсе екен дей­сіз. Өйткені бұл да ақ дас­тар­қанның берекесін арттыратын ы­рыстың бір түрі ғой.

Ақмола облысы,
Сандықтау ауданы

Бөлісу:
Өзен жағалағанның өзегі талмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар