Аймақтар
1 мин оқу 250

Балқаш қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

<p style="text-align: justify;">Балқашта қалалық соттың фронт-кеңсесі ашылды. Мұнда келушілерге мамандар кеңес береді және қажетті көмек көрсетеді. Жаңа нысанда азаматтарды қабылдау үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Балқаш қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков, Сот әкімшісінің орынбасары Мақсат Исин, прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар және Билер кеңесінің мүшелері қатысты.

- Жаңа жұмыс форматын енгізу азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға, сотқа жүгіну кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Басты мақсат - сот қызметінің ашықтығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етіп, азаматтарды қабылдау бойынша қолайлы жағдай жасау,- деп атап өтті Нұрсерік Шәріпов.

Фронт-кеңсе ақпараттық орталықты, күту залын, кіріс хат-хабарлар мен өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын, азаматтық істерді қарауға арналған сот отырысы залын қамтиды. Бұл жерде медиаторлар мен адвокаттарға арналған жеке кабинеттер бөлінген.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында азаматтар «Сот кабинеті» АЖ қызметін еркін пайдалана алады. Сонымен қатар WI-FI өткізіліп, гаджеттер үшін зарядтау құрылғылары орнатылған.

Жаңа фронт-кеңседе облыстық сот төрағасы азаматтарды қабылдады. Осындай фронт-кеңселер Қарағанды, Шахтинск, Абай, Осакаров ауданының соттарында жұмыс істейді. Облыста олардың желісі әлі де ұлғаяды.

фронт-кеңсе

Балқаш

кеңсе

Бөлісу: