Қазақстан
1 мин оқу 254

Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығына барды

<p>Нұрсұлтан Назарбаевқа &laquo;ЭКСПО-2017&raquo; көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды.</p>

Елбасы «Астана» Халықаралық қаржы орталығына барды

Сонымен қатар, Елбасына АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы Биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті.

Спикерлердің баяндамасын тыңдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығының АХҚО қызметін толық қолдайтындығын атап өтті. 

­- ­­Жекешелендіру жоспарын АХҚО Биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Сонымен қатар, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты, ­- деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етудің және елдің стратегиялық даму жоспарларына қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

- Алда орталықты ауқымды жұмыс күтіп тұр. Барлық серіктестермен қалыптасқан іс-қимылды жалғастыру маңызды. Мен АХҚО жұмысын ұдайы қолдайтын боламын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бөлісу: