Руханият
2 мин оқу 1,402

Сүйегі асыл адам еді

<p style="text-align: justify;">Әбілфайыз аға дүниеден озды! Ақ шашын артқа қайыра тәртіппен тараған, бір қарағанда тым қатал сияқты, ал шын мәнінде жан-дүниесі жайсаң, ерекше мейірім-шуақ иесі Әбекеңе шәкірт болған шақ&shy;тарымыз кеше ғана сияқ&shy;ты еді-ау! Ол кісі бізге &laquo;Га&shy;зет&shy;&shy;ті безендіру техникасы&raquo;, &laquo;Очерк&raquo;, &laquo;Редактор мен кор&shy;рек&shy;торға қосымша көмек&raquo;, &laquo;Сек&shy;ретариат жұмысы&raquo;, т.б. пән&shy;дерден дәріс оқыды. Талап қоя&shy;тын. Сол талаптың орындалуын қатаң қадағалайтын.</p>

Сүйегі асыл адам еді

Жалпы ұстаздыққа тәжіри­бе­ден келген. Ал 1965 жылдан табан аудармай ҚазМУ-дің журналистика факультетінде аға оқытушы, деканның орынбасары, профессор болып қызмет атқарды. Мыңдаған шәкірттерге тәлім-тәрбие берді.

Қазіргі еліміздегі қалам ұста­ған қауымның көпшілігі Әбе­кеңнің шәкірттері.

Аса мазмұнды, мағыналы, өне­гелі өмір сүрді. 20-дан астам оқулық, оқу-әдістемелік кітап­тары жарық көрді.

Замандастарының ішінен Камал Смайылов­пен ерекше сыйлас дос болды. Әзілхан Нұрша­йы­қовпен сырлас болды. Жоғары оқу орнындағы еңбегі жоғары бағаланып, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Айрықша еңбегі үшін», «әл-Фарабидің» Үлкен Алтын медалімен» марапатталды.Өмірінің соңына дейін әдеб­иет пен өнер саласындағы Пре­зи­дент стипендиясының иегері болды.

Мен университетті бітір­­ген­нен кейін оқы­тушы­лық қызметте жүргенде, Әбекеңнің қасы­на көп ердім, көп ақыл-кеңе­­сін тыңдадым. Мені туған баласындай жақсы көр­ді. Бәкі­жан деп ат қой­ған жал­ғыз адам еді!

Ол кісінің шын туған уақы­ты 1928 жылы екен. Сонда 91 жасында дүниеден озып отыр.Мұндай 90-нан асқан абыз ақсақалдарымыз біз үшін аса қадірлі жандар. Сүйегі асыл адам еді! – дейді қазақ ондай жан­дарды.

Әбекең кім болса да алды­на келген қазақ баласына көмек­те­сіп жіберетін, жан баласына қиянат жасап көрмеген қара­па­йым, кішіпейіл, адал азамат еді! Өзі де киелі Торғай өңірінің тү­легі, текті азамат бола­тын.

Қанша жас шуағыңнан пайда көрді,

КазГУдей жайлап өттің бай мекенді.

Жадыңнан тастамадың Әуезовті,

Аузыңнан тастамадың Қайре­кеңді (Бекхожин).

Сіз жайлы Ұстаз деп біз сөз етейік,

Көненің бізге жеткен көзі етейік.

Алтай деп еркелетті Аман­до­сов,

Алпан деп сыйлап өтті Қожакеев.

Бола алмас маңдайыңдай өзге маңдай,

Қақтырмай қанаттыға, сөзге қалмай,

Өсірдің тұмсықтыға шоқыт­тыр­май,

Қазақтың бар баласын өз балаңдай.

Бір өзің Тобыл-Торғай арнасы едің,

Қиянатың болған жоқ  жанға сенің.

Ыбырай ауылында туған тектім,

Ақаң мен Жақаңдардың жалғасы едің.

Атыңды жалпақ  жұртқа таратайын,

Сіз-бәйтерек, біз едік-бала қайың.

Аттандың Алматыңнан жәннатыңа,

Бақұл бол, жаны жайсаң Ағатайым!

 Бауыржан Жақып

Бөлісу:
Сүйегі асыл адам еді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар